Адиль Сербеков
Қазақша өлеңдер
Құрметті оқырман, бұл жерден менің қазақ тілінде жазған шығармаларымды оқи аласыз. Соңғы кездері мені мазалаған бір сұрақ – ана тілімде жазған мәтіндерімді қайда жарияласам болады? Көптеген мүмкіндікті қарастыра келе, осы форматты таңдадым. Әрбір өнер адамының мақсаты – жүрекке жету. Олай болса, өлеңдерімді оқып, қандай да бір жағымды әсер алсаңыз, мен бақыттымын!
Өзім туралы
Қалауы ғой құдіретті Алланың.
Талай сүрініп, өзің сияқты құлағанмын.
Бұл өмірдің сынағынан өтіп жүріп,Өзің сияқты шаршап та жылағанмын.
Көнгенмін ғой, көнбей осы не дермін?
Барыма шүкіршілік етіп жүрген,Жоғыма өкінбеген қазақ елденмін.
Тарих бойы үстінде жүрген ажалдың.
Мың өліп, мың тірілген ел ұрпағы,Туып өстім туған жерінде Абайдың.
ТҮН
Қараңғы түн, үйдің іші тыныш,
Ойға батып жатқан осы уақыт.
Күрсініп, тыныс алдым, тым-тырыс,
Ауа жұту - бұл да екен бір бақыт!
Құдайым-ау, адам неткен нәзік еді,
Бүгін күліп, ертең жылап жүреді.
Бірде тіпті мұңға батып, бағаламай,
Бірде тәнті, өмірім деп, сүйсінеді.
Осы өткенге өкпелеу бекер екен,
Кінәлауға бәрі де шебер екен.
Жаманның себепшісі тағдыр болса,
Жақсының себепшісі кімдер екен?!
Әділдік бар ма екен бұл өмірде,
Осы біреулер әрең күнін көруде.
Біреулер күнде шырқап, тойлап жүр,
Біреулер ұрлап, біреулер еңбек етуде.
Бірі шіркін, отырмай, жүрсем дейді,
Бірі соның құнын тіпті білмейді!
Адам осы рахметі жоқ дүниеге,
Не нәрсенің қасиетін түсінбейді…
ӨМІР
Өмірім - бәйгеге айналған бір сапар,
Қайдасыңдар бұл күнде, құрдастар?
Былай қарасам, талай уақыт өтіпті,
Бірі алдыда жүр, бірі өзіммен қатар.
Енді біреуінен қалдым тіпті бейхабар,
Ойладым, өмір керегімен жолықтырар.
Барлығы рет-ретімен бір кездерде,
Бірде былықтырып жүреді адамдар.
Басқаға бас қатыратындай не бар,
Ең алдымен өз-өзіңді жөндеп ал.
Сенде бары - жалғыз ғана сапар,
Сыншы болмағайсың басқаға қатал.
Бүгін шаршаса, ертең сенен озар,
Тұлпардай, сарт еткізіп, шабар.
Ертеңгі күнімізді біздер білмейміз,
Қайда, кімге жетеміз, не болар?
ҚАЙДАН КЕЛДІҢ?
Амалым жоқ, бір қарасам, көндім де
Күрсінуден шаршадым… О, дүние!
Мына менің басыма қайдан келдің,
Сен әлде, бағым болып, келдің бе?!
Бағым осы болса, құдай-ау, оңбадым,
Кімнің жолын кесіп өттім, тұрмадым?
Айналайын, өзіңсіз де жүрдім ғой,
Өзіңсіз де мойынымда бар тұмарым.
Сенің жүзің, ұйқы бермей, түбіме жетті,
Сыңарсыз құс та жүрмейді, біреу депті.
Сол құс құрлы болмасам да, шіркін,
Алаңсыз жүрген күнім, күлкім кетті…
БІР АДЫМ
Бүгін тағы кешірім сұрадым,
Алдыға бастым деп бір адым.
Жақсылыққа ғана ұмтылғанмен,
Жағымсыз істерді де жасадым.
Жасадым, пенде болған соң,
Адамнан мен де жаралған соң.
Жасап алып өкпелейтін біздерді,
Адам қылып Алла жаратқан соң.
Бүгін тағы барлығыңды кешірдім,
Еске алмайтындай естен өшірдім.
Ренжіткен мені болса кімде-кім,
Бір Алла кешірсін деп өтіндім.
Аурудың көбі реніш пен өкпеден,
Ол сезім жүрек жарар сөздерден.
Біздер осы сөз құдіретін білсек те,
Сөздің көбі бекер екен дегенмен.
Бүгін тағы кешірім сұрадым,
Шынымен, барлығыңды кешірдім.
Алдыға басқың келсе бір адым,
Кешір мені. Мен өзіңді кешірдім.
КҮЛДІМ БЕКЕР
Суретіңе сенің қарап күрсіндім,
Әлгі күндерді еске алып сүйсіндім.
Бұйырмаған бақытым, сен, ойлашы,
Жүрегім жылап тұрса, неге күлдім?
Неге күлдім? Мен өзім де білмедім,
Бәлкім, күлсем ғана мұңым кетеді?!
Мына мұңды кетіретін біреу болса,
Сол суретте күліп тұрған қыз еді!
Сезімімді жасырдым ба күлкіммен?
Күліп тұрсам да, өртенемін ішімнен,
Мына күлкім орынсыз болды тіпті,
Түк өзгермедім бала болған кезімнен.
Есіңде ме? Сол кездерде күлуші едім,
Сені көріп, қобалжып, жүруші едім.
Екі аяқ пен жүрегіме ие бола алмай,
Сен шақырсаң, сол сәтте келуші едім.
Енді міне, бір ғана суретің бар өзімде,
Бәрі бекер, бекер мынау күлкім де...
Сені өзім қолымнан ұшырып алған соң,
Қайта қонбадың, құсым менің көгімде.
ҮНДЕУ
Не болса да, әрқашан біз біргеміз!
Ата-бабам талай қырдан өтіп бізге,Жер-еліңді қорғап, сақта деуші еді.
Көмек берейік, жинап ой-миымызды.
Барынша, білгенімізше үлес қоссақ,Кім бұза алсын бір шаңырақ үйімізді!
Оянсыншы әрбіріміздің ар-ойымыз.
Қазағым ақылыңа келіп бүгінде,Өз-өзің сақтап қалса екен-бір ойымыз.
Санасыз ел улап-шулап қаламыз.
Сабыр деген қасиет қой, шіркін-ай,Әлі-ақ гүлдейді туған өлке, өңірің.
Әлі де қызғалдақтай құлпырып,Жалғасады уайымсыз күн, өмірің.
ӨЗ КҮНІМ ӨЗІМДЕ
Бала күнде естуші едім үлкендердің "ақылын"
«Қой, ел сөгеді, ел сөйлейді, абай бол тек, ақырын!».
Сол кезден-ақ миыма бір қонбайтыны,
Елдің сөзі наным ба, болушы ма еді ол ақылы?!
Не десе де, дей берсін, ауыздары сол үшін,
Сөздеріңе кетіп жатқан мына менің жоқ күшім.
Көп сөйлейтін адамның сүйкімсіз сөзі құнсыз,
Көп сөйлейтін адамның түрі де бір ұсқынсыз.
Шаруам жоқ басқаларда, өз күнім өзімде,
Біреу туралы түстен аулақ, ойламаймын өнімде.
Бос сөз бен әңгіменің орнына Құран Кәрім,
О дүниеде сауап болар, болмаса бұл өмірде.
СЕМЕЙЛІКТІҢ ӨЛЕҢІ
Семей - жүрегім мен санамдағы Отаным,
Қасиет қой бұл мекенде туғаным.
Семейімді сақтап жүрсем жадымда,
Қайда жүрсем де, семейлік болғаным.
Орыны бөлек Шығысымның жүрегімде,
Менің анам, әкем - осы, тірегім де.
Алтай мен қол ұстасқан Тарбағатай,
Балалық шақ өткен сенің етегіңде.
Ертісімнің сулары - қыздай сұлу,
Бір ләззат еді суларыңда шомылу.
Зайсанымның дара бір толқындары,
Сыйлаушы еді бойыма дара жылу.
Сағынышпен бір өзіңді еске аламын,
Жол түскенде бір өзіңе асығамын.
Семей, Тұғыл, Зайсан - Шығысым,
Абыройыңды асқақтауға тырысамын!
ТІРШІЛІК
Мына менің неде екен жазығым?
Сені ойлаумен өтіп жатыр күндерім.
Санама жалғыз дәрі - уағызым,
Бір болсақ деп, үзілмейтін күдерім.
Шөл далада адасқан мына маған,
Сенің күлкің - тамшы суға тәрізді.
Сөйлесең, болып қалам бір надан,
Білмейтін мүлде сан мен әріпті.
Көз алдымда ылғи мінсіз бейнең,
Жадымда өшпестей сақталыпты.
Өзіңсіз тіршілік те бір күйбең,
Өмір емес, тіршілік деп аталыпты.
ТӘҢІРІМ
Өтіп жатыр бірқалыпты өміріміз,
Кейде уайым, кейде күлкі жүзімізде.
Пенде қылып, жаратқан соң Тәңірім,
Амал қанша, әр сынаққа көндім де.
Ұмытылып кетеді мұңды күндер,
Бір сәт бөлсе, қуаныш та назарын.
Құны жоққа еліктейтін мына біздер,
Бата қыламыз бақыттың базарын.
"Мәні неде?" - деп, іздейміз түбір,
"Мына өмірдің шындығы неде?" - деп.
Басқаларға келгенде - үбір-дүбір,
Бізге тисе, шыға келеміз “Неге?” - деп.
Мазаланамыз болмайтын нәрсеге,
Өйтпесек, болмайды, шіркін, бірақ!
Ұмтыламыз, барсақ екен деп Меккеге,
Тыңдырып алып талай істі ширақ.
Бұл өмірде бір жан жоқ білетін,
Бетпердесіз біздің қандай екенімізді.
Жаратқан соң, өзі ғана түсінетін,
Болса екен Тәңіріміз кешірімді…
ӘУРЕ-САРСАҢ
Жүрміз әлі бәрін ойлап, әуре-сарсаң,
Шіркін, осы халыққа ұнай қалсам…
Жұрттың сөзі мен бағасы не сауап?
Дығызып, жанбай жатып, өшіп қалсаң.
Бәріне де жағамын деп, жанталасып,
Өткізді ғой қайран қазақ мың ғасыр.
Басқаның қамын ойлап, атсалысып,
Түксіз қалған ақырында, Қожанасыр.
Сенікі дұрыс, сенікі жөн деп, еліктеп,
Әр жындыны жүрміз данышпан деп.
Одан қалса, шыға келеміз дәріптеп,
Өзіміздің тәсілдер былыққан деп.
Әй, осыдан шығар ма екенсін, ұтып,
Әрбір үрген иттің аузын аңдысаң?
Жау мақтаса, оны дағы дос тұтып,
Ақиқатты іздеп жүріп, таппасаң.
БАЛ КЕЗІМ
Балалық шақ, бала кезім, бал кезім,
Армандарым көп еді, көп сезім.
Мен ол кезде сене беретінмін бәріне,
Қазір бары - өз-өзіме бір сенім.
Досым бар еді ол кезімде шынайы,
Құрбыларым шашып жүретін шырайын.
Жемістің де тәттірек еді шынары,
Ол кезімді қайдан іздеп шарлайын?
Ол кезімде басқаша еді өмірім,
Анам жүретін еркелетіп "Әмірім!".
Еркелететін мені тіпті өңірім,
Енді қалдым қарауыңа Тәңірдің.
Балалық шақ, бала кезім, бал кезім,
Рас па сенің оралмасқа кеткенің?
Қазылмаған әлі менің көп кенім,
Қайда екен қазір сенің мекенің?
ДАУРЫҚПА АДАМҒА
У-шу, айқай, ұрыс-керіс, дау-жанжал,
Ұрысқақтардан шаршадым қоймайтын.
Тиісе кетпей, өз-өзіңді жөндеп ал,
Жаратқаным сабырлыны қолдайтын.
Сатыр-күтір, салдыр-гүлдір, үбір-дүбір,
Мазасыздан шаршадым тұрмайтын.
Берілмесе, бұйырмаса, ал да, түкір,
Халің барда, бір Алладан сұрайтын.
Апыр-топыр, алай-түлей, опыр-топыр,
Жұлқыланып, мазасыз қанша жүресің?
Бір уақыт деміңді ал, тыныш отыр,
Жемей босқа басқалардың жүйкесін!
АСТАНА
Бір Алланың нұры жауған болу керек,
Бабалардың арманы - өз келбетің.
Әлемді тамсандырған Бәйтерек,
Қарсы алып, талай жанды тербеттің.
Астана, қазағымның бағысың,
Жүзіңнен сенің әсем айналайын.
Рухындай қазағымның жарықсың,
Көзімнің қарашығындай сақтайын!
Таңқаларлық ғажайып ғимараттар,
Табиғатың да сөз жеткісіз, ерекше.
Әлемде жоқтың бәрі сенде бар,
Әлемге үлгі болғайсың, ендеше!